Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  97


Автор: Абдрахман Асылбек

Мейрамбекке

Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Тартушы едім тумам деп.
Сырт айнала бересің,
Бар билікті жиған боп.
Жан деуші едім өрелі,
Биіктерді көреді.
Туыс емес, сен үшін
Байлық екен керегі.
Айналаңа қара да,
Өзіңді зор санама.
Мықтыларды менсінбей,
Қалып жүрме далада.
Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Ойлаушы едім сыйлар деп.
Қылығыңа қарасам,
Сенде титтей иман жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу