Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Өкінішті

Тәуелсіздік алған күннен,
Бақыт шамы жанған күннен
Таза қазақ тілімізді,
Мұсылмандық дінімізді
Қорғамағанымыз өкінішті.
Болғанымен қанша күшті,
Аты-жөннен «ич» пен «вич»-ті,
Бұлдіретін елдік текті
Атымыздағы «ов» пен «ев»-ті
Жоймағанымыз өкінішті.
Тың кезінде қаптап кеткен,
Жерімізді таптап кеткен,
Өзен, көл, тау, далалардың,
Қасиетті қалалардың
(«Петропавел, Степногорск,
Павлодар, Устькаменегорск...)
Қойып кеткен бабалардың
Тарихи өз атауларын
Қайтармағанымыз өкінішті.
Осы күнде елімізде,
Ұлан-байтақ жерімізде
Бірге қадам басатын,
Ұлт бар жүзден асатын,
Халқымыз бар ерікті,
Татулығымыз берік деп,
Мақтанамыз несіне,
Көтеріп ел төсіне,
Орыстарға ерік қойсақ,
Тіл тізгінін беріп қойсақ,
Ширек ғасырдан азат деген,
Елдігіміз қайда Қазақ деген?
Ел мүддесінен шықпағанымыз,
Осыны ұқпағанымыз өкінішті.
Жерімізде, төрімізде бұл таңда
Орыс атаулары тұрғанда,
Бұл жер Рустікі деп,
Бізге тиісті деп,
Дәлел айтып бірден-бір,
Шыға келмесіне кім кепіл?
Осыны байқамағанымыз өкінішті.
Өз сөзімізді, өз жерімізді,
Қазақ деген өз елімізді
Айта алмағанымыз өкінішті.
Жириновский сынды «жындының»,
Төбені тесер сүңгінің
Орта Азияны орысқа қосу –
Ұлы держава қонысқа қосу
Дегені айналып жүрсе шындыққа,
Ұрынбаймыз ба сұмдыққа?
Осыдан қорытынды шығармасақ,
Құлдық қауіпті ұға аламасақ,
Бәрі де болып жүрмесін өкінішті.
Әлі де болса кеш емес,
Қамданғанның еңбегі еш емес.
Құдай да сақтансаң, сақтаймын деген,
Адалдың еңбегін ақтаймын деген.
Мәңгілік ел болу үшін,
Жер ұйықты жер болу үшін,
Таймау үшін тағынан,
Ақтарылып ағынан,
Барлық жағынан
Нығайтпасақ бекіністі,
Озбыр орыстардың беті күшті,
Әйтпесе, болар түбі өкінішті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу