Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  111


Автор: Абдрахман Асылбек

Айдаһар

Елтаңбасы «Айдаһар»,
Қытайдай ел қайда бар?
Сұсты десең, сұсты ел,
Күшті десең, күшті ел.
Саны десең, саны көп,
Жыбырлаған жаны көп.
Дүниежүзі халқының
Төрттен бірі дәл бүгін.
Көреген де даналар,
Айтқан екен бабалар:
«Ақырзаман боларда,
Орын таппай қонарға,
Қара қытай қаптайды,
Жердің бәрін таптайды»...
Бабалардың сол сөзі,
Емес, тіпті, жел сөзі.
Естілгенмен сұмдық боп,
Келе жатыр шындық боп.
Аждаһадай зәрінде,
Айналаның бәрін де,
Байлығын да, дәнін де,
Салтанатын, сәнін де
Барлап, байқап келеді,
Жайлап жайпап келеді.
* * *
Бірақ, біздер Қазақпыз,
Еркін халық, азатпыз.
Елімен де жерімен
Кең пейілді ғажаппыз.
Сан жағынан, алайда,
Әлдеқайда аз-ақпыз.
Сонда да осал емеспіз,
Күштілермен теңдеспіз.
Жауларынан ықпаған,
Бой тасалап бұқпаған,
Жеңіс туын жықпаған,
Әділдікті құптаған.
Сондықтан да Қазақтар
Әрқашан да мықты адам.
Қанша қырғын болса да,
Тамыры қалған тіпті аман.
Жаратқан да жар болып,
Қазақтарды құптаған.
* * *
Енді бүгін, мінеки,
Міне, қуат, міне, күй!
Егеменді ел болдық,
Керегесі кең болдық.
Мықты деген елдермен
Терезесі тең болдық.
Көңіліміз шалқыған,
Ағыл-тегіл сел болдық.
Айналдық кең сарайға,
Көңіл жықпай, алайда,
Көрінгенге қақпаны
Ашып тастау жарай ма?
Онда ит те, доңыз да,
Жорғалаған қоңыз да
Еркін еніп кетпей ме,
Еркіндікке боп ырза.
* * *
Қытайдай ел қайда бар?
Тіл табыссаң, пайда бар.
Тіл табыса білмесең,
Жұтып қояр Айдаһар.
Тап қазірдің өзінде,
Бейбітшілік кезінде,
Қара қытай қаптап жүр,
Жерімізді таптап жүр.
Дейсіңдер ме сол сұмдар
Әдептілік сақтап жүр?
Өндірісін мұнайдың
Солар бүгін сұрайды.
Билеп-төстеп біртіндеп,
Ұмытқандай Құдайды.
Қазақстан жерінен
Құбыр тартып төрінен,
Байлығымыз шұрайлы –
Қара алтын мұнайды
Қытай жаққа сырғытып,
Сорып жатыр қылғытып.
Сора берер сыңайлы,
Бұл іс кімге ұнайды?
«Қоғалы көл, нудың да,
Сұрауы бар судың да»,
Дегендейін, мұнай да,
Сора берсе, шыдай ма?
Сарқылмай ма бір күні?
Сонда болар сұмдығы.
Мұнай бітсе, ұғыңыз,
Не болады күніміз?
* * *
Айдаһарлар заманы,
Ашылған оның араны,
Тоймайды ғой, тоймайды,
Аяушылық болмайды:
Кезіккеннің бәрін де
Кезегімен жалмайды.
«Айдаһар» ел тына ма?
Осы деп дәл сыбаға,
Бізді жұтып қоймай ма?
Осыны жұрт ойлай ма?
Өкпесіне қымбатты
Үрім-бұтақ жиылып,
Сөз таппады бір тәтті
* * *
Бірақ, құжат берер жер
Кәрі-жасты көрер жер
Былай депті Сымбатқа:
Төлқұжатты бұл жаста,
Сіздей жанға құрметті
Ауыстыру міндетті.
Әжей сонда депті ғой:
Жастық шағым өтті ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу