Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  107


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен кіммін?

Арамдарға мен араммын,
Сараңдарға мен сараңмын.
Жамандарға мен жаманмын,
Өйткені, мен де
Жер басып жүрген адаммын.
(К.АЙТОЛҚЫН. Бозбала мен бойжеткен. 49-бет)
Жақсыларға жақсымын,
Бақсыларға бақсымын,
Тапшыларға тапшымын
Өйткені, мен де
Адаммын ғой, тап шыным.
Ғалымдарға ғалыммын,
Дарындарға дарынмын,
Залымдарға залыммын.
Өйткені, мен де
Біреуіңмін бәріңнің.
Тектілерге тектімін,
Ептілерге ептімін,
Кектілерге кектімін.
Өйткені, менің
Өздеріңсіз жоқ күнім.
Батырларға батырмын,
Жақындарға жақынмын,
Пақырларға пақырмын.
Өйткені, мен бір
Жыры жұмбақ ақынмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу