Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  95


Автор: Абдрахман Асылбек

Тыңда мені

Жанымның жалынынан мың дәмелі,
Жарығым, жатырқама, тыңда мені.
Жүрекке дауа бар ма, о, дариға,
Сен жұтқызған у тәтті, мұң да әдемі.
(З.ЕЛГОНДИНОВА. Қырдың қызыл реңі. 39-бет)
Қашан да қайыспайтын сынға белі,
Біреулер жүйрік дейді жырға мені.
Ол сөзді қоя тұрып,
Айтшы алдымен,
Өлердей сүйетінің шын ба мені?
Жанымның жалынынан мың дәмелі
Жігіттер толып жатыр,
Тыңда мені:
Сен үшін тәрк етермін бұл тірлікті,
Мәңгілік батырсаң да мұңға мені.
Сүйерің рас болса,
Тыңда мені:
Сен берген семіртеді су да мені.
Ән болып естіледі айқайың да.
Аузыңнан бұрқыраған бу да әдемі.
Сүйерің рас болса,
Тыңда мені:
Кейіннен бастап жүрме бір бәлені.
Өмірлік құтыла алмас көлеңкеңмін,
Сен берген өлтіре алмас у да мені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу