Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Өмір туралы ұғым

Бір-ақ өмір тышқанға,
Бір-ақ өмір мысыққа.
Бір-ақ өмір ұшқанға,
Бір-ақ өмір пысыққа.
(Н. ЖАНАЕВ. Нұрлы аспан. 15-бет)
«Домалатқан тезекті
Бір-ақ өмір қоңызға.
Жағалаған өзекті
Бір-ақ өмір доңызға.
Қанша жүйрік десек те,
Бір-ақ өмір құланға.
Бір-ақ өмір есекке,
Бір-ақ өмір бұланға.
Бір-ақ өмір шілге де,
Бір-ақ өмір итке де.
Бір-ақ өмір пілге де,
Бір-ақ өмір китке де», –
Надандардың әлде бір
Дегендері далбаса:
Ақындарға мәңгі өмір,
Бейшарасы болмаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу