Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  77


Автор: Абдрахман Асылбек

Иіскеу мен күйістеу

Жерде жатқан шылымды
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді де тиіспеді.
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді, бірақ тиіспеді.
Есек те келін иіскеді,
Бірақ ол да тиіспеді...
(А. СӘРСЕКОВ. Мереке. 1976 ж. 36-бет)
Лириканы иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
«Сәбилерді» иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Сатираны иіскеді,
Бұған да тіктеп тиіспеді.
Әдебиетпен осылай
Әзілдесуі тиіс пе еді?...
(І. ӘМІРБЕКОВ. Тісім кышып барады, 1981 ж. 97-бет)
Көпен кімге тиіспеді? –
Лирикті де иіскеді,
Прозаикті де иіскеді,
Сатирикті де иіскеді
Тілшіні де иіскеді...
Бәрінен де сорақысы –
Дайын аспен күйістеді.
(Асқаржанды көрген кезде,
«Мынау маған тиіс», – деді).
Бір мезет өзіне де
Сын көзбен қарауға
Тиісті еді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу