Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  134


Автор: Абдрахман Асылбек

Болашақтың ақынына

Бейне боп сені де жатар ең,
Жаның сансыз күй теңдеп.
Болмайды енді ешкім Наполеон,
Тумайлы енді ешкім Ньютон боп...
Ақынның орны бөлек қой,
Түсін сен мейлі түсінбе.
Бірдеңе жазу керек қой,
Сені ертең жазу үшін де.
(И.ИСАЕВ. Тербеледі қайыңдар. 13-бет)
Жыр-күші қайда Гомердің?
Гейнелер қайда кешегі?
Күлкісі қайда Гогольдің?
Туа ма енді Есенин?
Жақсы жыр жаза алмасаң,
Сөкпейді сені ешкім де.
Ғасырдан өткен алмасаң,
Тумайды енді Пушкин де.
Бөлек қой жөні ғылымның,
Түсін сен, мейлі түсінбе.
Жазады небір жырыңды
Жасанды темір кісің де.
Ақынның орны бөлек қой,
Отырса бардың ішінде.
Бірдеңе жазу керек кой,
Басыңды жазу үшін де.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу