Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  114


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақын құдіреті

Алыстап кетсем,
Тауларым,
Мені іздеп көшіп кетердей.
Ауылым түгіл,
Ауданым
Соңымнан қуып жетердей.
(Н. КӨБЕНОВ. Көкше. 28-бет)
Мен болмасам бұл тірлік
Қызығы жоқ бекердей.
Барлығы да бір күндік,
Қас қағымда өтердей.
Ақындықты ту етіп,
Қалай жүрем көтермей.
Кең далада зу етіп,
Зымыраймын бөкендей.
Көкшетауым көзіме
Көрінеді көкемдей.
Мен болмасам,
Өзі де
Төмен шөгіп кетердей.
Мен болмасам бау-бағым
Мүлде өшіп кетердей.
Мені іздеп ауданым
Бірге көшіп кетердей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу