Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  87


Автор: Абдрахман Асылбек

Шешілмеген жұмбақ

Өлең жазу қиындап бара жатыр,
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр.
Сезімімнің ішегі шертілмеген,
Сезінгенім түкке аспай қалады ақыр!
(Ж. АМАНОВ. Құрыш қолдар. 41-бет)
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр,
Ана жатыр, шырылдап бала жатыр.
Батыр аз да, бұл күнде ақындар көп,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Қай күніңе жетеді қаламақың? –
Алатының мардымсыз қара бақыр.
Болғанымен ұйқасы,
Шипасы жоқ,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Сенбейсің бе,
Сын көзбен қара да тұр,
Жазғандарым түкке аспай қалады ақыр.
Шертетінім – сезімсіз сылдыр сөздер,
Өлең шіркін қиындап бара жатыр.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу