Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  73


Автор: Абдрахман Асылбек

Үлкен алма

Үлкендігі жүректей,
Сыйладың сен ақ алма.
Қалай бұны жыр етпей –
Тұрса ұсынып аға алда.
Біз ұсынған жырлар да
Тәтті алмадай болса екен.
Татымды боп сындарға,
Көкейлерге қонса екен.
(X. ТАЛҒАРОВ. Күміс күлкі. 74-бет)
Үлкендігі қарбыздай
Сыйлады ағам ақ алма.
Сол алманы жарғызбай,
Мен рақат табам ба?
Жара қалсақ алманы,
Жетіп жатыр маған да.
Жарты пұттай салмағы,
Жетіп жатыр саған да.
Үлкен екен жарықтық,
Ағам қайдан тапты екен?
Қойды бізді қарық қып,
Дәмі балдай тәтті екен.
Біздер жазған жырлар да
Сол алмадай болса екен.
Жетіп ұзақ жылдарға,
Көкейлерге қонса екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу