Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  82


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұрт пен мұрт

Мұрт қаулап өсіпті,
Өсіпті де бөсіпті:
– Осы мен Мұртпын ба?
– Мұртпын!
Бірқауым жұртпын ба? –
Жұртпын!
Бетке сән беремін бе? –
Беремін!
Ұрт үстінде өнемін бе? –
Өнемін!
Ал, сен кімсің?
Не бітіріп жүрсің?
Ас болып ындының,
Құрыған құлқының.
Таппастан бір тыным,
Күйсейсің күн-түні.
Тегістеп жіберсем бе екен
Өзіңді бір күні?!
Ұрт та лап ете қалды,
Мұртқа шап ете қалды:
– Сен өйтіп оттама!
Тұрғаның топтала,
Тоқ бола,
Менің арқам тек қана.
Сол үшін түсемін
Суға да, отқа да.
Ал, сен мұны білмейсің,
Білмесең өмір сүрмейін! –
Деді де Ұрт шын қызып,
Болсын деп бір қызық,
Ұстарамен сол Мұртты
Тастады қырғызып.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу