Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Тордағы жолбарыс

Демалыс бір күн еді,
Зоопаркте ел жүр еді.
Жас баланың кенеттен
Кетті өзгеріп түр-өңі.
Бойында ашу, долданыс,
Жұлқынып тұр Жолбарыс.
Босай қалса тордан ол,
Етпес сірә оңған іс.
Баланы әке жұбатты:
– Болғанымен куатты
Мұндағы бар хайуан
Қанатсыз құс сияқты.
Тұрған аңнан қорықта
Ешқашан да қорықпа.
Торға түскен Жолбарыс
Мысық құрлы болып па?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу