Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  178


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖАҢҒЫРЫҚ

Жасымды санап жатқан бір, –
Көкек пе, кезген тұманды;
(Жайықты қайдан тапқан бұл
Дегендей көңіл күмәнді!)
Ұйқылы-ояу жатырмын,
Түн бе екен мүлгіп жеткен бұл?
Саусағы әлде ақынның,
Шектерді шертіп кеткен бір?
Домбыра сазы тарайды...
Күмбірлеп әсте тынбады?..
Жаңғыртып жатты маңайды,
Махамбет ақын жырлары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу