Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  123


Автор: Тортай Сәдуақас

ЕСКІ ДОСТАР

Бірге жортып, үзеңгі де қағысқан,
Бірде желіп, бірде шауып жарысқан;
Бұл екеуі достар еді бірге өскен,
Бір ауылда тату-тәтті күн кешкен,
Тете өскен тел құлындар емес пе,
Қашан, қалай танысқаны жоқ есте.
Бір-біріне қарап бірде аңырып,
Қалды екеуі – келгені ме кәрілік?
Ескі достық бір басқа ғой, қартайып
Қалған екен жүздерінен әр тайып...
Қайран тірлік, қауырт шаруа қамында,
Жүруменен тыным болмай жанында;
Байқамай да қалыпты олар бір-бірін,
Ақсақал боп қартайғанын кім бұрын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу