Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  89


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖАЗДА

Ызыңдап стол маңында, Сона жүр шие бағында.
Көңілшек жүрек, кезінде, – Албырт ең сенің өзің де.
Шарқ ұрып қанат қақпаймын,
Бастыққан жанмын, жат қайғың!
Көңілшек жүрек, кезінде, – Шалдуар едің өзің де.
Сөкпеймін жұрттың күнәсін: Басымнан өткен бұ да сын.
Алқызыл георгина гүлі де, – Өседі жайнап күніге.
Ұрпағым өсіп жалғасқан, Самайды мынау қар басқан.
Көңілшек жүрек, кезінде, – Рақымсыз едің өзің де.
Үрей мен аңсау өткелі, Елегзу, елту жоқ тегі.
Төбеде мүлгіп мысығым, Пішуде көйлек пысығың!
Гуілдеп сона, аралар, Бақшаны жасыл аралар;
Жайнады жазбен өңірім, Менің де жарқын өмірім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу