Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  92


Автор: Тортай Сәдуақас

ТАҚЫРЫБЫ СОҢЫНА ҚОЙЫЛҒАН ӨЛЕҢ

Бәріміз де адамдармыз қарызды,
Өтей алмай жүрміз қанша парызды.
Дүниеге алып келген ата-ана,
Қамқор болған жандар қанша жаны ізгі!
Қастерлеген бізді қанша болды адам,
Махаббатын ажал шіркін торлаған;
Шер боп бітті жүрекке сол бейіттер, –
Өкінсең де орны бірақ толмаған.
Өтелмейді ол көзден аққан жасыңа,
Сөкпе үлкенді, келер сенің басыңа;
Міндетсініп біреуге еңбек еттім деп,
Тоқмейілсіп өз-өзіңнен тасыма.
Оң-терісін тірлігіңнің тізе бер,
Есің барда есең толып, түзелер.
Көз жұмғанша өтелмеген парыздар
Тыным бермес, – АДАМ БОЛСАҚ БІЗ ЕГЕР!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу