Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  293


Автор: Тортай Сәдуақас

АҚ ҚАЙЫҢДАР АРФАСЫ

Қараша айы, қалың нөсер, қара түн,
Шамдай жарық, шыраққа ұқсап жанатын:
Ағараңдап жер түбінен, жырақтан,
Ақ қайыңдар арфасы ән салатын.
Түнгі оттардың жарқылы анау шағылған,
Айдындағы аққу құстай шабынған;
Мұңлық түнде су перісі секілді,
Алабажақ көлеңкелер не түрлі.
Әлде бауыр бейітінің басына,
Қасиетті тамған көздің жасы ма?..
Жер деміндей ыңылдайды түнімен,
Ресей әні қоңыр сазды үнімен...
Қараша айы, қалың нөсер, қара түн,
Шамдай жарық шыраққа ұқсап жанатын:
Ағараңдап жер түбінен, жырақтан,
Ақ қайыңдар арфасы ән салатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу