Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  275


Автор: Тортай Сәдуақас

ШАҚЫРУ

Жадымда жарқын есімің, Жандосым, Байрам, құрдасым.
Жайқалып бағым, есігім, – Ашық қой, аттың бұр басын!
Күзде де қунап шалғынға, Табыссақ достым шұрқырап;
Күтірлек қияр – алдыңда, Картоптың буы бұрқырап.
Түркімен достым қонақтап, Ақ қырау түсер ертесін;
Киізге ұқсап ол аппақ, Көбік қар көмер жер төсін.
Құмың да, нуың тым ыстык, Сезіммен іңкәр шарпылған;
Жер шарын түгел туыс қып, Шағала – ақын шарқ ұрған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу