Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  93


Автор: Тортай Сәдуақас

ОТАН ҚАЙДАН БАСТАЛҒАН?

Аяулы Отан басталған неден,
Әліппең толы суреттен?
Ақжарқын адал достардан ба екен,
Табысқан сәби жүрекпен?
Ананың әлде басталған шығар,
Әнінен әсем сыралғы.
Кездессе-дағы қаптаған сындар,
Ұмыттыра алмас бұл әнді.
Аяулы Отан басталған неден,
Орыннан ба екен төрдегі?
Ырғалып биге басқандай желмен,
Қайыңнан ба екен белдегі?
Кім білсін әлде, басталған шығар,
Сазынан қараторғайдың?
 Соқпақтан мына асқарға шығар,
Сапарын жалғар талайдың?
Аяулы Отан басталған неден?
Ошақта жанған оттардан?
Әкелер киген шлемнен берен,
Ескерткіш өткен шақтардан?
Кім білсін, әлде басталды ма екен,
Дүрсілінен жүрдек пойыздың?..
Антыңнан әлде айтылған бекем,
Жүректен шыққан ойы ізгі?..
Аяулы Отан басталған неден?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу