Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  92


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖАУРАМАС ЖАНАР, КӨЗ ДЕГЕН

Көз деген тоңбас. Қақ таңдай,
Сан рет өзім сезінгем.
Аяз бұл, шақпақ шаққандай,
Ыршытқан жасты көзімнен.
Ақ түтек.
Жүрсің жырақта,
Түксие түскен қырат та,
Домбығар бетің, құлақ та,
Тоңбайды көздер бірақ та.
Ырық та бермес ызғырық,
Абыржу. Апат. Зобалаң.
Суымас сенім, ізгі үміт,
Тұрғанда нұрлы көз аман.
Долданар аяз құр текке,
Барады қайда әрі асып, –
Қырау боп қатар кірпікке,
Бәрібір тоңбас қарашық.
Қырағы көздер. Күзетте,
Жылтырар қатқан жасың да.
Жүрек те мұздар сыз өткен,
Тоңбайтын көздер расында...
1972




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу