Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  100


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖҮЗ СЕГІЗ МИНУТ

Ю.А. Гагаринге
Скафандр, жұмыс қалпы, баяғы шақ,
Қарсы алған Еділіндей жая құшақ;
Айнала айдалған жер торғын тектес,
Басады топыраққа аяғын шат.
Көп белдер көз алдында тербетіле,
Жұмыр жер!.. Қарайды ұзақ келбетіне;
 Ғарышқа самғап еді содан бүгін,
Бүгін сол қайта оралды жер бетіне.
Жүзген бұлт бұрынғыдай ала бауыр,
Сол уақыт, сол бір өлшем, қала да ауыл...
Ырғалған баяғыша дала бауы,
Бар-жоғы жүз-ақ минут өткен, Жерде, –
Дәуірлеп бара жатты жаңа дәуір!..
1961




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу