Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  102


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚАЙНАР

Аппақ орман.
Жабысқақ қар.
Жылымық.
Қыстың тағы сағы сынған жығылып.
Өзен мұзы болар-болмас ақырын,
Шытынайды қызыл сулар жүгіріп.
Айың анау аспанда аппақ борлаған,
Сығалайды жұлдыз бұлттан торлаған.
Жер серігі барады өрлеп биікке,
Жер бетінде біз өзіміз сомдаған.
...Кенет көзін тіге қалды бұл ғалам;
Кремльдің кеңсесінде...
Түн... Боран...
Шайы суып, шаруасы көп тынбаған;
Кемел ойы сындырғандай жау сағын,
Көсем әлі карта алдында тұрғандай,
Стаканға жылтып қолын, саусағын...
1958




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу