Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  112


Автор: Тортай Сәдуақас

Серпілсін десең....

Серпілсін десең, жаным, мен, – Шақыршы атап атымды:
Окопқа самал әніңмен, – Жеткізер махаббатыңды.
Гүрсілдей берсін... – естимін, Түсімде өңдей көрем мен.
Есігін ашшы кешке үйдің, Нөсер боп құйшы төбемнен.
Қызыл өрт толған айнала, Соқпасын, сақ бол, аңызақ.
Есіңе ап мені қайда да, Жаурасам от бер азырақ.
Сергітіп жетші санамды, Келсеңші жақын, мерейім.
Берсеңші таңып жарамды, – Сауығып сала берейін.
1943




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу