Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  85


Автор: Тортай Сәдуақас

БИІКТІК

Көмкерген шалғын сұйықтау, Мұнартқан Еділ даласы.
Өткелден әрі биік тау, Шақырым екі-үш шамасы.
Жел айдап бұлтты жүр таңнан, Басына шыңның жиып бір.
Қол созым – өзен бұрқанған, Қалашық мынау, тиіп тұр.
Сәскеде тасшөп, сүттіген, Қолқаны жарып аңқыған.
Етегі – үйлер, тіпті кең, Шағала және шарқ ұрған.
Етегі – емен, жылғалар, Қоян жым, құстың базары.
Жаз түні баяу ырғалар, Түнгі ауа тербеп, ғажабы.
Кіршіксіз бәрі, соғыс та, Болмаған сынды қамсыз жер, –
Күйесіз аспан, Шаңсыз жел...
Бауырым жаудан бірақ та, Мерт болған осы қыратта.
1942




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу