Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  101


Автор: Тортай Сәдуақас

Тым болмаса....

Тым болмаса көңілдің бір бөлшегін,
Құтқаратын қырсық пенен төнсе мұң;
Жолдастарым – барлық дауа ем, – дейді,
Менің жаным бөлшектеуге, ал келмейді.
Сезім күйді кемерінен тасыған,
Қалай оның қақ жартысын жасырам;
Көңілімнің көксеуімен жүрмесем,
Елмен қалай жарым-жарты тілдесем?
Жоқ, ауырсаң, ауырады жаның бар,
Ал, қуансаң, жан дүниең жалындар.
Көкке өрлесе көңіл деген кептерің,
Еркіндіктен – үріккеннен деп пе едің.
 Сүйемін де, Сенемін де, Аңсағам,
Керек емес мүсіркеуші басқа адам.
Ықтиярсыз бақытың да керексіз,
Кеткенім де артық одан дерексіз.
1949




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу