Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  109


Автор: Тортай Сәдуақас

МЕРТ БОЛҒАНДАРҒА

Бүгінгі тыншу заманда, Тыныстап еркін, ән салам.
Есімде бірақ әманда, Соғыста өлген қанша адам.
Атын да білмей көбінің. Туыс та болмай атымен;
Әлде олар беріп өмірін, Ғұмырлы болдым, заты мен.
Десем мен, – басып мұң қаяу, Салынып сары уайымға:
Қартайдым, көрім тұр таяу,– Қиянат болар қауымға.
Мүмкін ед мерт боп менің де, Қалуым, жетпей бүгінге;
Тұншығып Сиваш жерінде, Оққа ұшып Уфа түбінде.
Мерт болды онда құрдасым, Болмаса ол, онда, кім білсін;
Келер ме ед үйге бұл басым, Кәрі анам... өйткен күн құрсын.
Кулактар атқан оқтардан, Қалам деп аман білдім бе?
Сол жерге – ... ұрпақ топталған, – Ескерткіш қойдық бүгінде.
Бақытын қорғап адамның, Қиямет тағы кешті елім;
Бомбалар жатты даламның, Шығарып астан-кестенін.
Көк түтін басқан көп белес, Көргенім аз ба менің де;
От шықса нені өрттемес, Лапылдап жанған темір де.
Сыншысы ар мен төзімнің, Болды ғой сол бір ауыр шақ.
Черняховскийдің өзінің, Кеудесін осты жарықшақ.
 Сұңқарлар оттан аз өткен, Қанаты күймей жалынға.
Кошевой қыршын азаппен, Сыр ашпай өтті залымға.
Атын да білмей көбінің. Туыс та болмай атымен;
Әлде олар беріп өмірін, Ғұмырлы болдым, заты мен.
Парызым болса – түсінем. Жыр арнап асыл жүрегім;
Осынау ерлер ісіне, Лайықты өмір сүремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу