Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  119


Автор: Тортай Сәдуақас

СОҚПАҚ

Кең дала көсілген. Жылжып сұр жыландай.
Тар соқпақ төсінде, Барады бұраңдай.
Қапталда қалып бақ, Жол кеткен әрі ұзап.
Шырша тұр солып қап, Соққандай аңызақ.
Күйедей қап-қара, Келеді ол егіске.
Мұң-шерін ақтара, Бейіт тұр еңісте.
Егінші келеді, Арбасы тоңқылдап.
Танабын көреді, Көңілі толқындап:
О, соқпақ-жолдарым, Сыны көп не түрлі.
Сыбаға – аз, сор – қалың, Өмірім секілді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу