Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  136


Автор: Абдрахман Асылбек

Түйе мен түлкі

Бір жерде істейтін,
Өмірі ішпейтін
Шақырып Түйені,
Жақпақ боп күйені,
Әрі мақтап,
Бері мақтап,
Түлкі қу жұтқызып жіберді,
Басытқы тыққызып жіберді.
Содан соң Түлкі тұрып,
Жолдасын күлкі қылып:
– Түйе ішіп жүр деп,
Соңына түсіп жүр деп,
Жұртқа жаям, – деді,
Бұл сөзім аян, – деді.
Түйе сонда:
– Еһе, – деді,
Күшің жетсе, кеке, – деді.
Түлкі қулықты тастады дегенге,
Түйе іше бастады дегенге,
Ешкім сене қоймас,
Ештеңе ене қоймас.
* * *
Сенбе қудың сөзіне,
Көпірткенмен мақтап көп.
Өз күйесін өзіңе
Тұрады іштей жақпақ боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу