Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  112


Автор: Абдрахман Асылбек

Шыбын мен тығын

Шыны аузында Тығын тұрды,
Өзінше ол мығым тұрды.
Енді бірде карағанда,
Шыны ішінде Шыбын тұрды.
Тығын бұған қайран болды,
Ақылы дал, айран болды:
– Айтшы маған, Шыбын сұмпай,
Қайдан кіріп, қайдан кондың?
– Мен иісшіл Шыбынмын ғой,
Алып келген жұғындың ғой.
Қожайының ішкен кезде,
Лып ете қап, тығылдым ғой,
Маған дәйім саңлау керек,
Тамақ іздеп, талмау керек.
Бәрінен де ең бастысы –
Салақтарды таңдау керек.
Қожайыныңмен қуыссыңдар,
Қоқырсыққа жуыссыңдар.
Соның үшін екеуің де
Меніменен туыссыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу