Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  100


Автор: Абдрахман Асылбек

Демалыс

Көптен көріспеген,
Бөтелке бөліспеген
Екі дос түйісе кетті,
Құшақтасып, сүйісе кетті:
– Уа, достым, хал қалай?
– Әр күндері әрқалай.
Тынысты бір кең алып,
Жүрмін қазір демалып.
– Е, дұрыс,
Онда не тұрыс?
Кеттік, әйда!
– Қайда?
– Кафеге барамыз,
Бір жартыны қағамыз.
– Айта көрме ондайды,
Қазір маған болмайды.
– Демалып жүріп ішпесең,
Не құясың ішке сен?
– «Демалыс» деп ойнап ем,
Ішкілікті қонған ем.
– Қашан?
– Кеше.
– Ендеше,
Бүгін ішсең не етеді?
Ертең қойсаң да жетеді.
Достың көңлі бос екен,
Күткені де осы екен.
Екеуі жүріп кетті,
Кафеге кіріп кетті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу