Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  80


Автор: Абдрахман Асылбек

Мұрттың мәні

Сәндемек боп сырт бойды,
Мәкең бірде мұрт қонды.
Күрт жымия қарасып,
Түкпірдегі түртті ойды.
Бірі әзілді бастайды,
Екіншісі қоштайды:
– Ішкен күні бұл Мәкең
Қайта қырып тастайды.
Бірі созып ыржаңын,
Қоздырады қылжаңын:
– Түгел қырып тастамай,
Қалдыра тұр бір жағын.
Дейді бірі:
– Қарағым,
Мұртқа жөндеп қарағын.
Қытықтайды қыздарды,
Иіскегенде тамағын.
Дейді бірі әрі асып:
– Қатып тұр мұрт жарасып.
Болды-ау енді өлетін,
Келіншектер таласып...
Тыңдап алып бәрісін,
Айтты Мәкең мәнісін:
– Ағайындар, мұртты мен
Қойғаным жоқ сән үшін.
Мұрынымның шамалы
Бар емес пе самалы.
Мұрт арқылы танауға
Жел тигізбеу амалы.
Сөйтіп, Мәкең сытылды,
Қылжақтардан құтылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу