Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  151


Автор: Тортай Сәдуақас

БЕКЕТТЕ

Өтеді поезд – Іздеді нені бірақ та?
Кетеді поезд – Барады қандай жыраққа?
Топырлай түсіп тоғайлар шығар қарсаңнан,
Шығарып салып, біреуді бәлкім қарсы алған.
Әрі де кетпей, Бері де жетпей тұр сұлық,
Биікті баққан – Шарқ ұрмақ болса құлшынып.
Жасырған қулық, Жасанды қылық танытпай,
Тұруы керек – Тұрады солай жалықпай.
Күншілдік пенен Ашкөздік жоқ бұл салтында,
Түн болса бәлкім – Томаға-тұйық қалпында.
Жапырақ шашып, Жылда бір желге тоналар;
Тасада солай қалмай ма ескі орамал?
Зулайды поезд – Сапарын сайлап сәріден,
Өтеді суыт – Кетеді шаруа қамымен:
Шуылы қалар, Маңайды түгел аралап,
Секіріп түсіп, Жүргендей қосты паналап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу