Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  150


Автор: Тортай Сәдуақас

БОРАН

Бүгін түнде соқты ғой ол тағы да,
Желөкпе өңкей нөкер жиған маңына.
Ұйтқып, борап, аласұрды, жатпады,
Біресе кеп тырмалайды қақпаны,
Әйнекті ұрып, әй, бір тыным таппады.
Өбектеді өкпе-назбен арбап та,
Күтті мені кетіп қалып аулаққа.
 Енді бірде тәкаппарсып, бұртиып,
Қар ұйтқытып күйге түсті бір тұйық.
Аяқ асты сап болады басылып,
Қылымсиды жүрген ізін жасырып.
Ғайып болды ол... қайқаңдатып қанатын,
Ақша қарға қонақтады қара түн...
Аулақ барып, қалың орман ішінде,
Мамық қанат, майда боран пішінде,
Ару жатты күйіп-жанып түсінде.
Болмаса әйнек қайтер еді сонша асық,
Қайтер еді қақпа шіркін болса ашық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу