Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  348


Автор: Тортай Сәдуақас

Бос кеңістік....

Бос кеңістік емес аспан аясы, –
Түпсіз өзен сияқты кең саласы.
 Ақша бұлттар жайып қойған жаймадай,
Жел арқанда желбіреуін қарашы!
Көкжиектен күн көрінер шуақты,
Қарқылдаса – қарға үні ғой бұл әккі.
Қақ жарылып қарсы алдыңнан қара орман:
Бұтақта ұя – бұл бір бөрік сияқты.
Таныс сүрлеу бастап алға барамын,
Желектің де сырына әбден қанамын...
Сипап өтер өрмекшінің өрмегі,
Саусағындай су қараңғы дананың.
Бұл бір емес оралуым, жол салғам,
Қайта кетем сырға қанып қанша алуан...
Қандай жақсы «қоштаспаймыз» дегенің, –
Аңсағанға – шығарып сап, қарсы алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу