Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  259


Автор: Тортай Сәдуақас

КҮЗ БЕН ЖАҢБЫР

Орылған бидай маңында,
Кездеспек болған сөз байлап...
Жаңбыр жүр соның қамында, –
Бір кербез көрген көзге әйбат...
Лайсаңда шығар іздесең, –
Жоғалтып тегі алдың ба?!
«Антұрған, бұзық күз бе, сен?!»
Деп қояд соқыр жаңбыр да.
Жеткізбей жүрген таңсық та, –
Тұрғандай арбап алдында...
Шалпылдап құлар шалшыққа,
Әл құрып әлгі жаңбыр да.
Табысар құшақ іздеген!
Ынтыққан көңіл шала мас.
Адасар түзде күз деген, –
Жаңбыр мен қары аралас...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу