Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  129


Автор: Тортай Сәдуақас

Алабұртып айниды....

Алабұртып айниды күн қазір-ақ,
Үскірік боп бақ та ұлиды азынап.
Біресе енді алдарқатып күн шығып,
Бірде боран қыңсылайды тұншығып.
Күртік қарлар төбе болып бір түнде,
Әткеншектей айналар жел шіркін де.
Тұман да өтіп, жылт еткенде жылымық,
Тырсылдайды тамшылар да жүгіріп...
Науырыз жүр шатырда ойнап, күй аңсап,
Сәл төменде сәуірің тұр ұялшақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу