Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  127


Автор: Тортай Сәдуақас

БҰЛТ

Көктемеде көшеді бұлт асығып,
Алабұртып, ағараңдап, ашылып...
Жарқырайды жауған тамшы бізге ұқсап,
Сарқырайды, бір үдеп, бір басылып.
Құнттай білсең қандай сол бір қас қағым!
Сұлулықты сыйлап жатыр аспаның.
Табиғаттың бұл ғажайып сыйынан,
Қолшатырға тығылып не қашқаның?
Тың шаруға тағы да әне кірісті,
Біле тұра пайдалы бұл жұмысты, –
Бізді тастап тасқынға іле жүгірді,
Тастай қылып бітіргелі бір істі...
Не істер едің, орынына сол шебер, –
ұстасымақ – соқыр жауын болса егер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу