Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  92


Автор: Тортай Сәдуақас

ЕСКІ КҮНӘ

Ойда өзен аққан ойлана, Ақша бұлт жүзген айнала.
Төңірек әсем мұнартып, Жағада тұрмын құмартып.
Құмартқан тылсым дүние, Тұнып тұр ән мен күйіне.
Ноталы дәптер – жарты аспан, Жарты аспан – арна ән тасқан.
Жай айтқан сөзің таң қылып, Жатады қайта жаңғырып.
Сыбыр да сыбыр жапырақ, – Сыр ұқсам деймін бақылап.
Тоғысқан жолдар торабы,
Иірген жіптей болады.
Күнәдай ескі сыздатқан,
Тарқатып жіпті із баққам.
Ұзара түс деп создым-ау, –
Басыма қонған бозқырау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу