Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  104


Автор: Тортай Сәдуақас

Қақпамды торып...

Қақпамды торып, қаптады өріп,
бәленің бәрі үйілді...
Кетпеген сор ма, оралып ол да,
барады таптап үйімді...
Канішер қайғы, торын да жайды!
түр-түрін тауып жазаның.
 Тұтқын боп өзім, қор болар сөзім, –
тартайын мен-ақ азабын!
Амал жоқ көнем, мойымас өр ем,
жабықтым несін жасқана!
Саруайым жемір, кемірсең – кемір...
батпасын тісің басқаға!
Келгенше шамаң, кір жағып маған,
батырып сазға ұрып қал!
Жалаң да жапқан, кірің де жаққан, –
менімен бітсін былықтар!
Іштарлық қаншық, ұлиды аңсып, –
қапса да жоқ-ау оқасы,
Олжасы сол-ақ, өрісім шолақ...
өзгеге тиер опасы.
Антұрған тағы, түске еніп тағы...
айласын қара таламақ!
Салар ем құлып, осымен құрып,
жоғалар болса жаманат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу