Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  85


Автор: Тортай Сәдуақас

Э. Пьехаға

Қанат қомдап талаптанды ол биікке, –
Жетпекші еді қия шыңға қалықтап.
Шыған көкке шықпақшы еді шарықтап:
Қауырсыны қалды аңдамай күйіп те...
Сәтсіздікпен өткерді көп уақытты,
Бола алмады жолы болғыш бір адам.
Арыла алмай жасқаншақтық-күнәдан,
Қолдан жасай алмады да бақытты.
Кең пейілі кек сақтамай бірақ та,
Деп өтінді: «Қиналмашы сынақта, –
Қанаттарың толы күш пен қуатқа,
Сонда да біз жете алмаспыз жыраққа!»
Жырақ кету – бәлкім ол бір қара түн;
Рақым жасау деп түсінді ол борышын,
Дауыл тынса дем бермекші сол үшін, –
Қайрат қосып, қағу үшін қанатын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу