Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  81


Автор: Тортай Сәдуақас

Ала көрме....

Ала көрме көңіліңе, ағайын!
Туыстығым – қалалықпын дегенде;
Кең даламмен бірге бақыт-талайым,
Түп-тамырым жатыр менің тереңде.
Кең байтақ Русь – келді ежелден нұр құйып.
Бір әулеттей ынтымағы тұрды ұйып.
Менен емес – қалған сөз бұл қауымнан:
Бәріміз де шыққанбыз сол ауылдан...
Баяғыдай межеміз жоқ жерімде,
Араласқан көшелер де, көңіл де –
Өркен де өзге, өзге бүгін егін де,
Сөз емес ол жүрсек те қай өңірде.
Қалада ма, ауылда ма мекенің –
Бар мәселе – қандай адам екенің!
Бойлап терең, болса нәрлі тамырың,
Азаматтық тұлғаң – бәсі бәрінің!
 Барлық жерде ұлылық бар ел сенер,
Жерге деген туыстықпен өлшенер;
Асфальт жауып, көмкеретін көкорай:
Жер біреу ғой, басқа деуге жоқ орай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу