Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  87


Автор: Тортай Сәдуақас

Ояндым бүгін....

Ояндым бүгін – сезініп сергек күшімді!
Ойнап та жүріп ойға алған барлық ісімді, –
Тындырып болған секілді.
Ол аздай тағы қиялға ендім не түрлі:
«Тауып бір жаңа амалды,
салайын жөнге ғаламды?!
Ерітсем түгел Арктиканың мұз-қарын,
Гүл егіп жеңсем тундра жақтың ызғарын.
Сыйласам жерге ғарыштың шалғай жұлдызын, –
Сүйсінген күллі ұл-қызың!»
– Қайтесің, – деді секем ап біреу сол кезде,
Басқадан бөлек не керек тауып жолды өзге?
Адамдар сонда қайтеді гүлді соншама,
Онсыз да мынау аспанда жұлдыз самсаған, –
Көрінбей және күнімен,
ұйқыңды бұзар түнімен, –
«Қайтесің?» – дедім айналып келіп өзім де,
Сап болды сол кез қайнаған қайрат-сезім де!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу