Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  130


Автор: Тортай Сәдуақас

СЫРЛАСУ

Алданба отқа, Арбаған шалқып жырақта,
Ошақта жанған Өшірме отты бірақ та.
Өткенді ойла, бүгінмен өмір сүрген аз...
Ерінбей талпын, Жетуге ертең мұратқа.
Арыңды сақтап, Алданба арзан сезімге,
Шынайы сүйіп, Аяла оны өзің де.
Қалыс қал қалсаң, – Сүйкімсіз болған сол жаман,
Сен кімнен кемсің, Сүйікті болған кезіңде?!
Сан тарау жолда дос таңдай білу ол да сын,
Сөйлеме жалған – сенімнен қалар жолдасың.
Не жетсін шіркін, сеніммен өмір сүргенге,
Өкініш кетпес, көңілде күдік болғасын.
Шабылма босқа қол жетпес биік арманға,
Мастанба бекер жете алмай оған қалғанда,
Қиянатым жоқ – күнәсіз едім дей көрме,
Күнәңді тазарт жүгініп арға, талғамға.
Махаббат, Маздақ,
Достарың... бәрін санап пе ең?!
Өмірің бірге, Өтесің осы санатпен.
Сен – оның, олар жүрді ме сенің ырқыңда,
Қайталап сұрар, Ғұмырың жетпес қап, әттең?!
Осының бәрі – Шынайы сезім, сөзіміз,
Сәтімен келер сырласар ашық кезіміз.
Қас қағым сәттер, дәуірлер – бізге еншілес,
Мәңгілік деген – Жоқ кезең біздің көзіміз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу