Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  122


Автор: Тортай Сәдуақас

Мал сияқты....

Мал сияқты түстеп шығар жазарда:
Пішінінді, атың менен жасынды,
  Үмітіңді үзе бер (итальян.)
 Тағы-тағы, көзіңді де шашынды,
Венаға айдап апарардай базарға.
Жендеттердей тонап бізді бірақ та,
Сыпырып ап ақша, шылым, бәкіні;
Қалтамызды ақтап шықты ақыры,
Апарардай пайғамбарға, жұмаққа.
Суыртпақ та қоймай тінтті, тым ұста!
О, пасықтар! Кеудеде – арман, мұрат та,
Арам қолмен ала алмассың бірақта!
Әзіл-қалжың жараспас бұл күйіме,
Алып келді қазынаның үйіне:
Дәретхана, төрі де бір қуыста.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу