Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  80


Автор: Тортай Сәдуақас

Жетер енді!

Жетер енді!
Ағыл-тегіл шалқыған
Өмір жайлы айтып келдік аңыздай,
Қабыршағы жалтыраған қоңыздай,
Дерті асқынып, ішіңді өрті шарпыған.
 Қатал тәуіп келе жатыр! Неге біз, –
Тері болса, жері болса шіріген, –
Сылымаймыз сескенбестен, шынымен
Таза болсын, сау болсын деп денеміз.
Айтса анығын: адамзаттың баласы
Ойын емес, ой қуатын жаста алды,
Өз міндетін ұғынды өсіп санасы;
Боран тынар жапыра ұрған жас талды,
Барады өшіп балаң тірлік қарасы,
Саналы іске жаңа кезең басталды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу