Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  85


Автор: Тортай Сәдуақас

КОТЛЯРЕВСКИЙ

Көзін тігіп мұзарт шыңға, асқарға,
Құзда отырды қуатты бір жас қыран.
Самғап шықты сосын көкшіл аспанға,
Қар боратып қанатының астынан.
 Опыр-топыр етін таудың тастарын,
Құлаған қар саулай ақты саламен;
Көшкін жүріп сәтте осынау қас-қағым,
Дүр сілкініп қала берді бар әлем.
Котляревский жыры осылай шарықтап,
Баршаны үндеп украин сөзіне;
Назды әуені тұрды ұзақ қалықтап;
Өр үнінен өміршең күш сезіле;
Жанған оты жалын атып, шалықтап,
Бізді жылтып, лаулай түсті өзі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу