Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  95


Автор: Тортай Сәдуақас

Өркенде, зәулім....

Өркенде, зәулім еменім, Талпына түс жарыққа!
Жойылар жолы ескінің, Оянар көп халық та.
Жойылар жолы ескінің. Бұғау қалар жайына.
Бас имей жауға, асқақтап, – Тұрады Украина!
Украина – ана тұрады, – Мол бақытқа кенелген;
Кубань мен Сана арасы, – Тұтас, еркін, теңелген.
Ағайындарда болмайды, – Ала ауыздық баяғы;
Аймалар ана ұлдарын, Алақанымен аялы.
«Ұрпағым менің, сормаңдай, – Жетімегім, байғұсым;
Еш болған жетер еңбегің, – Тартқан азап, қайғысын!
Қасиетті іске құлшынып, Достықты ізгі жақтаңдар;
Отанға жасап қызмет, Сенім артса ақтаңдар.
Еріксіз қызмет етпеп пе ең, Мырза менен патшаға;
Бауырмен қанша қырқыстың, Нақақтан қан ақса да?
Ұрпағым, кезің емес пе, Ошағың бар, күйің де;
Иесі болып – құлы емес, Жүрмейсің бе үйіңде!»
Өсе түс, зәулім еменім, Құлпыратын таяу күн!
Серпіліп, бауыр басамыз, Туған халқым, аяулым!
 Біртұтас туар одағы, – Ынтымақшыл ұл-қыздың;
Жасайды ерлік, бірлікпен, – Украина бұл біздің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу