Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  89


Автор: Тортай Сәдуақас

Сабыла ұшып...

Сабыла ұшып ой-қайғы,
Сыздайды жүрек кейде бұл.
Қара бұлт көкті торлайды,
Ойнардай жасын бейне бір.
Көк жүзін кезіп ойларым,
Бұлқынар тулап бұл жаным.
Шығардай жердің қойнауын,
Жарқ етіп жарып бір жалын.
Жер жүзін әлгі от алып,
Өртердей жалған ғасырды.
Құрсауын бұзып қопарып,
Күркіреп атып жасынды...
Құйма алтын сынды өртеңнен, –
Дүние жайнап, жарқырап;
Бейуаз шақтай ертемен,
Еркіндік шығар жарқырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу