Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  98


Автор: Тортай Сәдуақас

Албырт ән....

Албырт ән аяулы, Жас қиял, жас арман;
Көңілің қаяулы, Көзің не жас алған?..
Аз ба әлде, о неге, Бақтарың бүр атқан;
Сиректеу төге ме, Сәулесін шуақ таң?
 Қуантпай алыстан, Қарай ма көктем де, –
Дерт болып жабысқан, Мұқтаждық көп пе елде?
Ажарлы өңірің, Жарқын да, жарық та;
Тек мына өмірің, Жайлы емес халыққа!
Тынбайды құс әні, Думанды қырыңнан...
Аштықта – құсалы, Тек шаруа қырылған.
Көктем кеп түлеткен, Қыр гүлге толады, –
Тек бұғау түнек пен, – Қаныңды сорады.
Жырлайды бөктерді, Бұл жүрек бұлқынған;
Зарды емес, көктемді, – Ғажайып құлпырған.
Жыр жазсам зорлықтан, Ермек пе, мұным не?
Шерлі боп сондықтан, Шығады үнім де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу